AEG BSE792220M Kochbuch Seite 6

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 36
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 5
4. МЯСО
4.1 Бұқтырылған сиыр еті
Құрамы:
600 г сиыр еті
тұз бен бұрыш
ұн
10 г сары май
1 пияз
330 мл қошқыл сыра
2 шай қасық қоңыр қант
2 шай қасық қызанақ езбесі
500 мл сиыр етінің сорпасы
Дайындау әдісі:
Сиыр етін текшелеп тураңыз да, тұз
бен бұрыш қосып дәмдеп, аздаған ұн
себіңіз.
Сары майды табада қыздырып, соған
ет кесектерін қызарғанша қуырыңыз.
Содан кейін кәстрөлге салыңыз.
Пиязды аршып, ұсақтап тураңыз да,
аздаған майға жеңіл-желпі қуырыңыз,
содан кейін табадағы еттің үстінен
салыңыз.
Күңгірт сыра, қоңыр қант, қызанақ
пастасын және сиыр етінің сорпасын
араластырыңыз да, табаға салып, бір
қайнатыңыз. Содан кейін еттің үстінен
құйыңыз (етті жауып тұруға тиіс).
Қақпағын жауып, құрылғының ішіне
қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 120
минут
Сөренің орналасуы: 3
4.2 Маринадталған сиыр еті
Тұздықты дайындау үшін:
1 л су
500 мл шарап сірке суы
2 шай қасық тұз
15 бұрыш түйнегі
15 арша жидегі
5 лавр жапырағы
2 байлам сорпа көкөнісі (сәбіз,
қияқты пияз, балдыркөк, ақжелкен)
Барлығын бір қайнатып алыңыз да,
суытып қойыңыз.
1,5 кг сиыр еті
Тұздықты еттің бетін жапқанша
құйыңыз да, 5 күнге тұздықта
қалдырыңыз.
Қуырылатын етке қосылатын
құраластар:
тұз
бұрыш
тұздықталған сорпа көкөнісі
Дайындау әдісі:
Сиырдың жілігін тұздықтан алыңыз да,
сорғытыңыз. Тұз бен бұрыш салып,
жан-жағы түгел қызарғанша табаға
қуырыңыз да, тұздықталған сорпа
көкөнісінен аздап қосыңыз.
Қуыратын табаға шамалы тұздық
құйыңыз. Тұздықты табаның түбінен 10
- 15 мм асыру керек. Қуыратын
табаның қақпағын жабыңыз да,
құрылғының ішіне қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 150
минут
Сөренің орналасуы: 1
4.3 Ет рулеті
Құрамы:
2 кепкен тоқаш
1 пияз
3 ас қасық туралған ақжелкен
750 г тартылған ет (сиыр еті мен
шошқа еті аралас)
2 жұмыртқа
тұз, бұрыш және паприка
100 г беконның жұқа тілімдері
Дайындау әдісі:
Кепкен тоқашты суға жібітіп, содан
кейін суын сығып тастаңыз. Пияздың
қабығын аршыңыз да, ұсақтап
тураңыз, сосын оны бұқтырып,
туралған ақжелкен қосыңыз.
Тартылған етті, жұмыртқаны, сығылған
тоқаш пен пиязды қосып
араластырыңыз. Тұз, бұрыш және
паприка қосып дәмдеңіз, тік
төртбұрыш табаға салыңыз да, үстіне
беконның жұқа тілімдерін салыңыз.
Аздаған су құйып, құрылғының ішіне
қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 70
минут
www.aeg.com6
Seitenansicht 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 35 36

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare