AEG BSE792220M Kochbuch Seite 22

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 36
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 21
300 г ұн
30 г қант
30 г сары май
1 жұмыртқаның сарысы
1 тұтас жұмыртқа
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
кішкене лимон қабығы
қара өрік қайнатпасы
Пісіргеннен кейін:
50 г сары май
50 г көкнәр дәндері
безендіргіш қант
Басқа:
майланған табақ
Дайындау әдісі:
Сүт пен қантты табаға салыңыз да,
оттыққа қойып сәл ысытыңыз. Құрғақ
ашытқы қосып, араластырыңыз. Содан
кейін шамамен 30 минут қоя тұрыңыз.
Ұн, қант, сары май, жұмыртқаның
сарысы, жұмыртқа мен ваниль қантын
және кішкене лимон қабығын шараға
салыңыз. Сүт пен ашытқыны қосып
қамыр илеңіз. Қамырды шүберекпен
жабыңыз да, тағы 45 минут тындырып
қойыңыз. Содан кейін қамырды
қасықпен домалақтап (шамамен 80 г)
бөліңіз де, қолмен басып жалпайтып, 1
шай қасық өрік қайнатпасын салыңыз.
Қамырдың шетін көтеріп, қайнатпаны
жауып, домалақтаңыз. Домалақтарды
майланған ыдысқа салыңыз да, бетін
жауып, тағы 45 минут қоя тұрыңыз,
содан кейін құрылғыға салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 35
минут
Сөренің орналасуы: 3
Cу тартпасына 500 мл су құйыңыз
7.13 Шығырық бәліші
Негіз дайындауға арналған қоспа:
500 г ұн
1 кішкене қапшық құрғақ ашытқы (8
г құрғақ ашытқы немесе 42 г жас
ашытқы)
80 г қуырылған қант түйірлері
150 г сары май
3 жұмыртқа
2 шай қасық тұз
150 мл сүт
70 г мейіз (20 мл киршвассерге 1
сағат бұрын салып қойыңыз)
Безендіруге арналған құраластар:
50 г тұтастай бланширленген бадам
Дайындау әдісі:
Араластыратын шараға ұнды, құрғақ
ашытқыны, қуырылған қант түйірін,
сары майды, жұмыртқаны, тұз бен
сүтті салыңыз да, біркелкі қамыр
илеңіз. Қамырды шараға жауып
қойыңыз да, көтерілгенше 1 сағат
қалдырыңыз.
Жібіген мейізді қолмен қамырға қосып
илеңіз.
Май жағылған және ұн себілген
гюгельхуп қалбырындағы әр тесікке
бадамды бір-бірден салыңыз.
Содан кейін қамырды шұжықша созып,
гюгельхуп қалбырына салыңыз. Бетін
жауып, қайта көтерілгенше 45 минут
қалдырыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 60
минут
Сөренің орналасуы: 1
7.14 Ашытқылы бәліш
Қамырға арналған құраластар:
350 г ұн
1 кішкене қапшық құрғақ ашытқы (8
г құрғақ ашытқы немесе 42 г жас
ашытқы)
75 г қант
100 г сары май
5 жұмыртқаның сарысы
1/2 шай қасық тұз
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
125 мл сүт
Пісіріп болғаннан кейін:
375 мл су
200 г қант
100 мл алхоры бренди немесе 100
мл апельсин ликері
Дайындау әдісі:
Араластыратын шараға ұнды, құрғақ
ашытқыны, сары майды, жұмыртқаның
сарысын, тұзды, ванильді қант пен
сүтті салыңыз да, біркелкі қамыр
илеңіз. Қамырды шараға жауып
қойыңыз да, көтерілгенше 1 сағат
қалдырыңыз. Содан кейін қамырды
май жағылған дөңгелек торт
қалбырына салып, бетін жауыбыңыз
www.aeg.com22
Seitenansicht 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 ... 35 36

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare