AEG BSE792220M Kochbuch Seite 30

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 36
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 29
Дайындау әдісі:
Шошқа етін тұз, бұрыш, паприка және
карри ұнтағымен дәмдеп, қызуға
төзімді ыдысқа салып, барлық жағы
қызарғанша қуырыңыз. Сөрені
құрылғыға қойып, бағдарламаны
бастаңыз.
Күрішті, шамалы тұзды табаққа салып,
су құйыңыз.
Буға пісірілетін капучино тортын
дайындаңыз. Сары май мен қантты
қосып шайқаңыз. Оған жұмыртқаның
сарысын, ваниль дәндері мен кофені
қосыңыз. Жұмыртқаның ағына екі
шөкім тұз салып, жақсылап шайқаңыз.
Содан кейін ұн, жүгері ұнын,
жұмыртқаның шайқалған ақуызын
сары май қоспасына еппен қосыңыз.
Қоспаны сары май жағылған кішкене
табақшаларға немесе шыныаяқтарға
салыңыз.
Көкөністерді дайындаңыз. Сәбізді
тазалап, домалақтап тураңыз.
Кольрабиді аршып, домалақтап
тураңыз. Гүлді капустаны жуып,
шоқтарға бөліңіз. Бұрышты жуыңыз да,
өзегін алып, таспалап тураңыз.
Барлығын бірге буға пісіру үшін
қолданылатын ыдысқа салыңыз.
Дайындау:
40 минут өткеннен кейін дайындалған
табақтарды шошқаның сан еті
салынған құрылғыға қойыңыз да, тағы
40 минут пісіріңіз.
Тамақ пісіп жатқан
табақшадағы еттің сөлі,
қаймақ немесе шарап
қосып тамаша асқатық
жасау үшін жақсы.
Cу тартпасына 800 + 600 мл су
құйыңыз
12.2 Бу мәзірі 2
Көкөніс, күріш және гүлді капуста
бәлішін қосып пісірген тауықтың төс
еті. Десерт үшін бүлдірген қосылған
ваниль фланы.
Жентектелген тауықтың төс етіне
арналған құраластар:
Тауықтың 4 - 6 төс еті, сүйексіз
тұз, бұрыш, паприка және карри
ұнтағы
Гүлді капуста фланына арналған
құраластар:
300 г гүлді қырыққабат
50 г үгітілген қатты ірімшік
2 жұмыртқа
50 мл кілегей
тұз, мускат жаңғағы
ыдысқа жағатын сары май
Күрішке арналған құраластар:
200 г ұзын дәнді күріш
50 г жабайы күріш
тұз, бұрыш
400 мл сорпа
1 кішкене қызыл бұрыш
1 кіші қалбырдағы тәтті жүгері
(150г)
Бүлдірген қосылған ваниль
бәлішінің құраластары:
200 мл сүт
200 мл кілегей
1 ваниль собығының дәндері
2 жұмыртқаның сарысы
3 жұмыртқа
50 г қант
300 г бүлдірген
2 ас қасық пісте
Дайындау әдісі:
Тауықтың төс етін жуып, суын
сорғытыңыз. Тұз, бұрыш, паприка
және карри ұнтағын қосып дәмдеп,
содан кейін қуыратын ыдысқа
салыңыз.
Гүлді капустаның шоқтарын бөліп, 25
минут буға ұстаңыз да, миксерге
салып езбе жасаңыз. Үгітілген ірімшік,
жұмыртқа мен кілегейден қосып, тұз
бен мускат жаңғағын салып дәмдеңіз.
Гүлді капуста қоспасын жақсылап май
жағылған 6 кішкене табақшаға
салыңыз.
Күрішті дайындаңыз. Пісірерден жарты
сағат бұрын шараға ұзын дәнді күріш,
жабайы күріш, тұз, бұрыш, көкөніс
сорпасы мен суды қосып салыңыз.
Арасында қызыл бұрышты ұсақтап
текшелеп турап, күрішке қосыңыз.
Бүлдірген қосылған ваниль білішін
дайындаңыз. Жұмыртқаны,
жұмыртқаның сарысын қантпен
араластырыңыз. Ваниль собығының
www.aeg.com30
Seitenansicht 29
1 2 ... 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare