AEG BSE792220M Kochbuch Seite 21

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 36
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 20
Алма шырынын және торт безендіруге
арналған пакеттегі затты қосып
безендіретін қоспаны дайындап,
тортқа жағыңыз.
7.10 Лимон қопсыма торты
Қоспа дайындауға арналған
ингердиенттер:
250 г сары май
200 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
1 шөкім тұз
4 жұмыртқа
150 г ұн
150 г жүгері ұны
1 шай қасық толы қопсытқыш ұнтақ
2 лимонның үгітілген қабығы
Безендіруге арналған қоспалар:
125 мл лимон шырыны
100 г қуырылған қант түйірлері
Басқа:
Шаршы пісірме табақ, ұзындығы 30
см
Майлауға арналған маргарин
Пісірме табаққа себуге арналған
нан үгіндісі
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, лимон қабығы,
ванильді қант пен тұзды шараға салып
шайқаңыз. Содан кейін жұмыртқаны
бір-бірден қосып, тағы да шайқаңыз.
Қопсытқыш ұнтақпен араласқан ұн мен
жүгері ұнын кілегейлі қоспаға қосып,
араластырыңыз.
Қоспаны майланған және нан үгіндісі
себілген пісірме табаққа құйып, үстін
тегістеңіз де, құрылғыға қойыңыз.
Піскеннен кейін лимон шырыны мен
қуырылған қант түйірлерін
араластырыңыз. Тортты алюминийден
жасалған жұқалтырға аударып
салыңыз.
Құймасы ағып кетпеуі үшін
жұқалтырды торттың шетіне қарай
бүгіңіз. Торттың бетін ағаш істікшемен
тесіп, құйманы жағыңыз. Содан кейін
құймасы сіңуі үшін тортты біраз
уақытқа қоя тұрыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 75
минут
Сөренің орналасуы: 1
7.11 Маффины
Құрамы:
150 г сары май
150 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8
г)
1 шөкім тұз
балауыз жағылмаған бір лимонның
жұмсағы
2 жұмыртқа
50 мл сүт
25 г жүгері ұны
225 г ұн
10 г қопсытқыш ұнтақ
1 банка қышқыл шие (375 г)
225 г шоколад түйірлері
Басқа:
Қағаз қалыптар, диаметрі шамамен
7 см
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, ванильді қант, тұз
және балауыз жағылмаған бір лимон
жұмсағын бірге араластырыңыз.
Жұмыртқаны қосыңыз да, қайтадан
шайқаңыз.
Жүгері ұны, ұн және қопсытқыш
ұнтақты араластырыңыз да, сүтпен
араластырыңыз.
Қышқыл шиені сорғытыңыз да,
шоколад түйіршіктерін қосып
араластырыңыз.
Қоспаны қағаз қалыптарға салып,
қалыптарды пісірме табаққа
орналастырыңыз да, құрылғының
ішіне қойыңыз. Бар болса кекс
науасын қолданыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 40
минут
Сөренің орналасуы: 3
7.12 Өрік тұшпарасы (6
дана)
Қамыр илеу үшін (құраластар бөлме
температурасында болуға тиіс):
125 мл сүт
20 г қант
1 кішкене қапшық құрғақ ашытқы (8
г құрғақ ашытқы немесе 42 г жас
ашытқы)
ҚАЗАҚ 21
Seitenansicht 20
1 2 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 ... 35 36

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare