
6.3 Қыздыру функциясы
іске қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Функцияны таңдаңыз: Гриль жасау.
3.
түймешігін басып құптаңыз.
4. Температураны орнатыңыз.
5. түймешігін басып құптаңыз.
6.4 Қыздыру индикаторы
Қыздыру функциясын іске қосқан
кезде, бейнебеттегі жолақ жанады.
Жолақ температураның жоғарылай
бастағанын көрсетеді. Орнатылған
температураға жеткен кезде сигнал 3
рет естіледі де, жолақ жыпылықтап,
содан кейін көрінбей кетеді.
6.5 Қалдық қызу
Пешті сөндіргенде, бейнебетте қалдық
қызу көрсетіледі. Қызуды тағамды
жылы ұстау үшін қолдануыңызға
болады.
7. МИКРОТОЛҚЫН РЕЖИМІ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Микротолқынға қатысты
ұсыныстар
АБАЙЛАҢЫЗ
Пештің ішінде тағам
болмаса іске қоспаңыз.
• Тағамды пештің ішіне ешбір орам
материалынсыз қойыңыз. Оралған
дайын тағамдарды, тек орам
материалы микротолқынды пеш
үшін жарамды болса ғана қоюға
болады (орамындағы ақпаратты
тексеріңіз).
• Микротолқынды функцияны
пайдаланғанда, тағамды пештің
табанындағы табаққа салыңыз.
Пісіру
• Тағамды қақпақ жауып пісіріңіз.
Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз
келсе, қақпақ жаппай пісіріңіз.
• Қуат және уақыт параметрлерін
тым жоғары мәнге қойып, тағамды
қатты пісірмеңіз. Тағам кеуіп, жанып
не өрт қаупін тудыруы мүмкін.
• Пешті жұмыртқаны не шырышты
қабықтарымен пісіру үшін
пайдаланбаңыз, себебі жарылып
кетуі мүмкін. Қуырылған
жұмыртқаны қайта қыздыру үшін,
сарыуызын тесіңіз.
• Терісі не қабығы бар тағамды пісіру
алдында бірнеше рет шанышқымен
тесіңіз не аршыңыз.
• Көкөністерді кішкенелеп тураңыз.
• Сұйық тағамдарды арасында
араластырыңыз.
• Тағамды үстелге тарту алдында
араластырыңыз.
• Пешті сөндіргеннен кейін, тағамды
бірнеше минут қоя тұрыңыз. "Ақыл-
кеңестер және ұсыныстар" тарауын
қараңыз.
Жібіту
• Мұздатылған, оралмаған тағамды,
жібіген кезде сөлі ағып кетуі үшін
сауыттың үстіне аударылып
қойылған табақтың үстіне немесе
жібітуге арналған тордың үстіне
немесе пластик сүзгіге салыңыз.
• Жібіген бөліктерді алып отырыңыз.
• Жеміс пен көкөністерді алдын ала
жібітпей пісіру үшін жоғарырақ
микротолқын қуатын пайдалануға
болады.
ҚАЗАҚ 13
Kommentare zu diesen Handbüchern