AEG FSR93800P Bedienungsanleitung Seite 14

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 32
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 13
таңдалған бағдарлама
көрсетілгенше бірнеше рет
басыңыз.
7.3 XtraDry
Кептіру нәтижесін жақсарту үшін осы
опцияны қосыңыз. Осы опцияны
қолдансаңыз, кейбір
бағдарламалардың уақытына,
пайдаланылатын суға және соңғы шаю
циклының температурасына әсер
етеді.
XtraDry опциясы ECO 50°
бағдарламасынан басқа барлық
бағдарламалар үшін тұрақты опция
және оны әр цикл үшін таңдаудың
қажеті жоқ.
ECO 50° қосылған сайын, XtraDry
опциясы сөнеді және оны қолдан
таңдау керек болады. Басқа
бағдарламаларда XtraDry параметрі
тұрақты орнатылып тұрады және
келесі циклдарда автоматты түрде
қолданылады. Бұл конфигурацияны
кез келген уақытта өзгертуге болады.
XtraDry опциясын қосқанда, TimeSaver
опциясы сөнеді.
7.4 TimeSaver
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді.
Жуу және кептіру циклдары қысқарақ
болады. Бағдарламаның жалпы
уақыты шамамен 50% пайызға
азаяды.
Жуу нәтижелері жуу уақыты қалыпты
бағдарламалардағы тәрізді болса да,
кептіру нәтижесі өте қанағаттанарлық
болмауы мүмкін.
TimeSaver функциясы барлық қол
жетімді бағдарламалардың
кейбіреуінде қолданылмайды.
1. Бағдарлама тізімін шарлап,
бағдарламаны таңдаңыз.
2. OK пернесін басып құптаңыз.
Егер TimeSaver функциясы таңдалған
бағдарламамен үйлесетін болса
бейнебетте Жылдам және Нормальн.
деген 2 режим және бағдарламаның
әр режимдегі уақыты көрсетіледі:
Жылдам: TimeSaver қосылады.
OK пернесін басып құптаңыз.
Нормальн.: TimeSaver
функциясы сөндірулі. OK
пернесін басып құптаңыз.
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Құрылғыны ең алғаш іске қосқанда,
тілді міндетті түрде орнату керек.
Ағылшын тілі әдепкі тіл болып
табылады.
1. Тілді орнатыңыз.
Ағылшын тілін растау үшін OK
түймешігін басыңыз.
Қол жетімді тілдердің тізімін
жүгірте қарап, жаңа тілді
таңдап, оны OK түймешігін
басып құптаңыз.
2. Су жұмсартқыштың ағымдық
деңгейінің сумен жабдықтау
жүйесіндегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Егер сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз.
3. Тұз сауытын толтырыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
5. Су құятын шүмекті ашыңыз.
6. Құрылғының ішінде өндіру
барысында қалуы мүмкін қалдық
заттарды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және
себеттерді толтырмаңыз.
Бағдарламаны бастаған кезде, су
жұмсартқыштың ішіндегі шайырды
қайта толтыру үшін шамамен 5 минут
уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей
тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу
циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін
ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра
қайталанып тұрады.
www.aeg.com14
Seitenansicht 13
1 2 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 31 32

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare