AEG 47005VC-MN Bedienungsanleitung Seite 29

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 72
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 28
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз
Тұмшапештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне
жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған
сайын тазалаңыз да, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның
ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
СӨРЕ СЫРҒЫТПАЛАРЫН АЛУ
2
1
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
1.
Сөре сырғытпасының алдыңғы жағын
қабырғадан тартып шығарыңыз.
2.
Сырғытпа жолдардың артқы жақтарын
қабырғадан ағытып алыңыз.
Сөре сырғытпаларын әрекеттерді керісінше
орындап салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал ұштары
алдыңғы жаққа қарап тұруға тиіс.
ТҰМШАПЕШТІҢ ТӨБЕСІ
Назарыңызда болсын!
Гриль элементін төмен қайырмай
тұрып құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін оның
төбесіндегі гриль элементін төмен қайырып
қоюға болады.
Қыздырғыш элементті төмен қайыру
1.
Гриль элементіндегі бекіткіш тығырықты
ағытып алыңыз. Алғаш рет ағыту үшін
бұранда бұрағышты қолданыңыз.
ҚАЗАҚ
29
Seitenansicht 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 ... 71 72

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare